Қанат Мусин елорданың атын өзгерту туралы: Астаналықтар құжат ауыстырмайды

Сурет: primeminister.kz
Парламент қос палатасының бірлескен отырысында конституциялық өзгерістерді бірінші оқылымда талқылаған кезде Әділет министрі Қанат Мусин астаналықтар өзінің құжаттарын өзгертудің қажеті болмайды деді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астананың атауын өзгерту азаматтардың құжаттарына ешқандай өзгеріс әкелмейді. Құжаттар астананың бұрынғы атауымен де жарамды болады, оны шұғыл өзгертудің қажеті жоқ. Егер астананың бұрынғы атауы көрсетілсе, құжаттар бұрынғыдай жарамды болып есептеледі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" филиалдары және тағы басқасы құжаттарды бұрынғыдай қабылдайды және ешқандай қиындық болмайды.Қанат Мусин

Сонымен қатар ол Нұр-Сұлтанның атын Астана деп өзгертуге кеткен шығынға да тоқталды.

Қаржы шығынына қатысты қалалық мәслихат астананың атын өзгерту мәселесін қараған кезде қосымша шығын болмайтынын айтты. Көше атауларын, белгілерді өзгерту – оларды шұғыл өзгертудің қажеті болмайды. Бұл үдерістер бюджет қаражатына байланысты жоспарлы режимде өтеді. Бүгінде құжат айналымы цифрлық форматта жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты қосымша шығын болмайды.Қанат Мусин

2 қыркүйекте "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтаруды ұсынды. Конституциялық заң жобасында Нұр-Сұлтан атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізілді.

14 қыркүйекте ономастикалық комиссия елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады.

15 қыркүйекте елорда атауын өзгертуді жұрт пен депутаттар қолдады. Дәл осы күні мәслихат елорданың атын өзгертудің ықтимал құнын атады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді