Цифрлық даму министрі Қазнетке кибершабуыл қайдан жасалып жатқанын айтты

Сурет: pexels
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет кулуарында Қазнетке жасалған хакерлік шабуылдар жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомство басшысы министрлік ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясат әзірлеп жатқанын айтты. Шабуылдарды жоюмен айналысатын ұйым – Мемлекеттік техникалық қызмет.

Бұл DDoS шабуылдары қайдан келеді, мұның артында қандай ұйым тұр, біз бұл ақпаратты бере алмаймыз, өйткені ол бізде жоқ. Бұл шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси серверлерді, VPN серверлерін пайдаланады. Олар өздерін жасыруға тырысады. Ішкі контурдан шабуыл сыртқыға қарағанда әлдеқайда мөлдір. Демек, бұл шабуылдар дәл сыртқы контурдан, яғни Қазақстаннан тыс жерден жасалып жатыр. Бағдат Мусин

Интернеттің қазақстандық сегментіне ауқымды DDoS-шабуылдар бір апта бойы жасалды. Оны Мемлекеттік техникалық қызмет тіркеді, бұл байланыс операторларының магистральдық арналарына жүктеменің артуына әкелді.

Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі