Арман Шаққалиев Сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Сурет: primeminister.kz
Үкіметтің қаулысымен Арман Шаққалиев сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арман Шаққалиев 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ заң кеңесшісі болып бастаған.

Бұрын осы лауазымды атқарған Баттақов Ерлан Еркінұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен босатылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды