Алматыдағы "Қалқаман" метро станциясының жанынан үлкен автотұрақ салынады

Сурет: Zakon.kz
Әкімдік Алматыда салынып жатқан "Қалқаман" метро станциясының жанынан автотұрақ салуға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Әуезов ауданының тұрғындары Абай-Яссауи бойында салынған метро стансасының жанында көлік тұрағы жоқ екенін айтты.

Адамдар қаладан келеді, көлігін жақын маңдағы көшелерге қалдырады. Олардың толып кеткені сонша, ол жерден жедел жәрдем, қоқыс таситын көліктер өте алмайды.Әуезов ауданының тұрғындары

Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзахановтың айтуынша, "Бауыржан Момышұлы" метро стансасының маңында автотұрақ салуға жер жоқ.

Әшімов-Абай көшелері деңгейінде салынып жатқан Қалқаман стансасының жанынан автотұрақ салу жоспарланып отыр. 2000 көлікке арналған тұрақ жоспарланған.Ғани Мұрзаханов

Ол жобаның аяқталып, құрылыс жүріп жатқанына сендірді.

Өз кезегінде Алматы әкімі Ғани Мұрзахановқа полиция департаментімен бірлесіп, өтуді қамтамасыз ету үшін станция маңында көлік қозғалысының қандай екенін көруді тапсырды.

Бұған дейін Ерболат Досаев LRT құрылысы туралы айтқан еді. Оның айтуынша, 2023 жылдың көктемінде Алматы әкімдігі Төле би көшесінде орналасатын LRT жобасының құнын түпкілікті шешеді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі