Талқылау барысында министр өлі итбалықтар 7 қарашада табылғанын еске салды. Өлген итбалықтардың саны 141-ге жетті. Дереу шаралар қабылданып, барлық мемлекеттік органнан комиссия құрылды.
Талдау жүргізілді, жасын анықтау үшін кесінділер жасалды, мәйітке сараптама жасалып, өлекселер жойылуы керек еді. Сараптамалардың нәтижесі бір ай ішінде дайын болады.Серікқали Брекешев
Оның айтуынша, сарапшылар итбалықтардың өліміне күкіртсутегінің шығуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Итбалықтар оттегін алу, тыныс алу және су астында қайта жүзу үшін жоғары қарай жүзеді. Мүмкін бұл итбалықтардың қырылуына қандай да бір газдың бөлінуі әсер еткен шығар. Біздің деректер бойынша Каспий теңізінде 300 мыңнан астам итбалық бар. Біз қорық қалыптастыру, сонымен қатар Каспий теңізі және биоәртүрлілік мәселелерінің мемлекеттік институтын ұйымдастыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.Серікқали Брекешев
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 2 қарашада шабақтардың жаппай қырылуы түсірілген видео тараған. Брекешевтің айтуынша, Қапшағай су қоймасында 18 тоннаға жуық жас балық сараптамадан өтіп жатыр. Аталған факті бойынша тиісті органдар қылмыстық іс қозғады.
Бұған дейін Каспий теңізінің жағалауында Баутино ауылы мен Форт-Шевченко қаласы аралығында 100-ден астам өлі итбалық өлексесі табылған еді.
7 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің итбалықтардың қырылуы мен тайыздануына қатысты проблемалық мәселелерін көтерді. Мемлекет басшысы итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу фактілерін анықтау үшін Каспий теңізінің акваториясы мен жағалауына тұрақты зерттеулер жүргізу қажет екенін мәлімдеді.