5 миллиард теңге – қазақстандықтардың ақылы жолға биылғы берешегі

Сурет: Zakon.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бір жылда қазақстандықтар ақылы жолға 5 миллиард теңге қарыз болған, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ақылы жолға қарыздың тең жартысы Қызылорда облысының тұрғындарына тиесілі.

"Жыл басынан 1 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда-Шымкент, Тараз-Қайнар, Шымкент-Өзбекстан шекарасы арасында қатынайтын жүргізушілердің едәуір қарызы бар", - дейді Автомиль жолдары комитетінің бас сарапшысы Азат Қаракөз.

Сарапшының сөзінше, 5 млрд теңге қарызды өтеу үшін "Қазавтожол" ұлттық компаниясы халықпен медиативтік келісімшарт жасайды.

Ал 15 желтоқсаннан бастап fқылы жолмен жиі жүретін жүргізушілерге абонентік төлем енгізіледі. Айға, жылға арналған төлемдер болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 11 ақылы учаске бар. 2013 жылдан бері 2022 жылғы 1 қарашаға дейінгі аралықта ақылы жолдардан шамамен 25 миллиард теңге жиналған. Бұл қаражат сол жол учаскелерін күтіп ұстауға және ақы алу жүйесін ұстауға жұмсалады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған