Министрлік "Қазақстанда оқу жылы 20 тамызда басталады" деген қауесетті жоққа шығарды

Сурет: pixabay
12 желтоқсанда Оқу-ағарту министрлігі мектептегі демалысты қысқарту туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жаңа нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасай отырып, Қазақстанда оқу жылы 2023 жылдың 20 тамызында басталады деген ақпарат тараған.

Бұл қауесетті Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды:

"Мемлекеттік мектептерде каникул күндері, сонымен қатар оқу жылының басталуы мен аяқталуы өзгермейді. Каникул мерзімі бұрынғысынша сақталады, яғни оқу күндерінің саны көбеймейді, демалыс уақыты қысқармайды. Қазақстандық оқушылар барлығы 175 күн оқиды. Каникул мен демалыс күндерінің жалпы саны 190 күн болады", - делінген хабарламада.

Министрлік талқыланып жатқан құжат жобасы халықаралық және пилоттық мектептерге қамқоршылық кеңестердің келісімімен оқу жылының жалпы шарттарын реттеу құқығын беретінін түсіндірді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды