Әуелі тозу деңгейі 70%-дан асып кеткен жылу желілері ауыстырылады – Смайылов

Әлихан Смайылов үкімет отырысында энергетикалық объектілер мен жылу желілерінің техникалық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің сөзінше, қыркүйекте осы мәселеге қатысты арнайы үкімет отырысы өткенде әкімдіктер жылу беру маусымына сақадай саймыз, дайынбыз деген.

"Әкімдер ешқандай проблема жоқ деп баяндады. Алайда жалаң есеп пен жалған ақпараттың соңы тарихта болмаған сорақы жағдайға алып келді. Екі айда екі бірдей ірі апат болды. Риддер мен Екібастұзда. Сонымен бірге Өскемен, Рудный, Теміртау, Семей, Ақтау және Павлодар қалаларының жылу беру жүйесінде де қауіпті жағдайлар болды. Жылу беру жүйелері мен инженерлік желілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жағдайды қатаң бақылауда ұстап, шұғыл шараларды қабылдау қажет. Оларды кейінге шегеруге болмайды". Әлихан Смайылов

Үкімет тексеруді бастады. Смайыловтың айтуынша, өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген.

"Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бізде қыс айлары өте қатал, яғни апаттар бұған дейін де болып тұрды. Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да мұндай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып келді", - деді Премьер-министр.

Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне электр станцияларын тексеруді 2023 жылдың І тоқсанында аяқтауды тапсырды:

Қазақстан Смайылов Әлихан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: