Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ғимараттар қашан толықтай қалпына келтіріледі

Сурет: Zakon.kz
ҚР Парламенті мәжілісінің қаңтар оқиғасының бір жылдығына арналған жалпы отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қаңтарда қираған мемлекеттік ғимараттар қашан толық қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің сегіз облысындағы 42 қоғамдық ғимарат бүлінген.

"Соның бірі – Алматыдағы президент резиденциясы. Өздеріңіз білетіндей, бұл нысанды бұзу туралы шешім қабылданған. Бүгінде 41 нысанға 31 миллиард 100 миллион теңге бөлінді. 37 нысан қалпына келтірілді. Осы айда Жетісу облысы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмысы аяқталады, наурыз айында Алматыдағы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және ақпарат орталығының ғимараты мен қатты бүлінген Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты қалпына келтіріледі. Оны қайта қалпына келтіру жұмысы осы жылдың екінші тоқсанында аяқталады".Роман Скляр

Оның сөзінше, Алматыдағы телерадиокешенді қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, бұзу жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ премьер-министрдің бірінші орынбасары 350 коммерциялық нысан бүлінгенін айтты.

"Бүгінде оның бәрі қалпына келтірілді. 1789 кәсіпкерлік субъектісі келтірілген залалды тікелей өтеуге өтініш білдірді, шағын және орта бизнес субъектілеріне 16 миллиард 700 миллион теңге толық көлемде өтелді". Роман Скляр

5 қаңтар күні мәжілістің жалпы отырысында баяндама жасаған Бас прокурор Берік Асылов Мәсімов ҰҚК ғимараттарын тастап кету жөнінде бұйрық бергенін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды