Төтенше жағдайлар министрлігі: Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстардың үштен бірі апатты жағдайда

Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин гидротехникалық құрылыстардың жағдайы ерекше қауіп туғызатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол су қоймаларында бос көлем құру мәселесіне ерекше назар аудару қажет екенін айтты.

"Мұнсыз өзендердің қауіпсіз деңгейін реттеу мүмкін емес. Біздегі мәліметтер бойынша, елімізде 1806 құрылыс бар. Оның 471-і жөндеуді қажет етеді, олардың көбі Қарағандыда (160), 93-і Шығыс Қазақстан облысында, 56-сы Ақтөбе облысында және 41-і Алматы облысында". Юрий Ильин

Ол мемлекеттік органдар мен жеке меншік иелерінің гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстың жай-күйі мен нәтижелеріне талдаудың болмауы, сондай Экология министрлігі санын жыл сайын өзгертіп жіберуіне байланысты құрылыстардың техникалық жағдайын бағалау қиындай түсетінін атап өтті. Мәселен, 2022 жылдың басында ондай құрылыстың саны 1823 болған.

"Экология министрлігі Түркістан облысындағы 2021 жылы бұзылған Қапшағай су қоймасын қалпына келтіруді аяқтаған жоқ, ол көктемде әп-сәтте толып, құлап қалуы мүмкін, ол қауіпті аймақта жеті елді мекен – Қазата, Таңатар, Шаян, Жамбыл, Шыбыт, Тасқұдық орналасқан, онда 15 мыңнан астам адам тұрады". Юрий Ильин

Сонымен бірге Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының сөзінше, Экология және табиғи ресурстар министрлігі тек республикалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарын есепке алады, ал мемлекеттік және жеке меншік құрылыстар көп жылдар бойы назардан тыс қалып келеді. Оған коммуналдық және жеке гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жаңғырту шаралары енгізілмеген Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының жобасы дәлел.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: