Мәдениет және спорт министрлігінде кәсіпқой спортты қаржыландыруды реттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр

Сурет: pixabay
25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның алқа жиынында кәсіпқой спортты қаржыландыру мәселелеріне түзетулер енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асхат Оралов дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық база заманауи инновациялық-интеграциялық үдерістер талабына толық сай келмейтінін, онда саланың нақты қажеттіліктері ескерілмегенін атап өтті.

"Министрлік заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын бастады. Заң жобасы аясында кәсіби спортты қаржыландыру мәселелерін реттеу, спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының оқу жүктемесін аптасына 24 сағаттан 18 сағатқа дейін қысқарту көзделіп отыр. " Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов

Оның айтуынша, құжатта спортшыларды, жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдау, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға жағдай жасау мәселелері де қарастырылған.

Министр заң жобасын жыл соңына дейін Парламент қарауына енгізу жоспарланғанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда