Жеделсаты ішінде сүйіскен қос еркектің видеосы: Энергетика министрі пікір білдірді

Сурет: gov.kz
Энергетика министрі Болат Ақшолақов жеделсаты ішінде сүйіскен екеудің осы ведомство вице-министрлері делінген желідегі атышулы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz .

Мәселені журналистер көтеріп, осыған қатысты министрге сұрақ қойды. 

"Біздің министрлікте бейнероликте сипатталған адамдар жұмыс істемейді. Олардың кім екенін де білмеймін. Мұны нақты айта аламын. Желіде оларды біздің министрліктің қос вицесі деп айтыпты біреулер, әрине олар да емес видеодағылар". Болат Ақшолақов

Сондай-ақ ол келтірілген зиян үшін сотта өз құқықтарын қорғау жағын ведомствоның вице-министрлері өзі шешетінін, бұл әр адамның жеке азаматтық құқығы екенін баса атап өтті. 

"Әрбір азаматтың бұзылған құқығын сотта қорғауға құқығы бар. Олар азамат ретінде жеке бас істері бойынша маған есеп беруге міндетті емес. Жұмыстарына қатысты да менде тағатын айып жоқ. Егер желіде бірнәрсе жарияланып жатса, бұл олардың жеке құқығы: сотқа жүгіне ме, жүгінбейді ме, әлде үнсіз қала ма, өздері біледі. Мұның енді министрліктің құзыретіне еш қатысты жоқ". Энергетика министрі

20 қаңтарда Астана қалалық полициясында жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты