ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

Ғалымжан Жанқуатов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Ғалымжан Жандосұлы Жанқуатов Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды, делінген ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Жанқуатов Ғалымжан 1982 жылы Алматы қаласында туған.

Семей "Қайнар" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы "Катран" шаруа қожалығының іс жүргізушісі болып бастаған. 

2004-2006 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеген.

2006-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің заң бөлімінің бас сарапшысы, консультант-мемлекеттік ревизор.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің бас консультанты.

2011-2014 – ҚР Білім және ғылым министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаментінің Мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы, Әкімшілік департаменті директорының орынбасары, Заң департаментінің директоры.

2014-2015 жылдары – ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2015-2017 жылдары – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімінің бас консультанты.

2017-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, директоры.

2020-2021 – ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Заң бөлімінің бас инспекторы.

2023 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңесшісі қызметін атқарды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: