Елімізде газ қостыру құны арзандауы мүмкін

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
22 ақпанда үкімет кулуарында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазір тұтынушыларды газға қосу құнын төмендету жөнінде ұсыныстар қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрінің айтуынша, еліміздің кейбір өңірлерінде газға қосылу құны қымбат екені анықталған.

"Қазір QazaqGaz бен жергілікті әкімдіктер бұл мәселені бірлесіп қарастырып жатыр. Газ қостыру құнын төмендету бойынша бірнеше ұсыныстар бар. Бүгін Алматы облысының әкімі қабылданған шаралардың арқасында газға қосылу құнын екі есеге арзандатуға қол жеткізілгенін айтты. Өйткені, шынымен де жоғары баға бар, қазір жолдарын (бағаны түсіру - ред.) іздестіріп жатырмыз". Болат Ақшолақов

Дегенмен министр газ қостыру құны қанша теңгеге төмендетілетінін нақты айта алмады.

"Айту қиын – жабдықтың бірнеше түрі бар. Оны үйге кіргізу керек, сонан соң есепке алу жүйесі, қазандықтар бар. Мұны жабдықтың құнына қарай есептеу керек, өйткені ол бізде өндірілмейді. Біз оны сырттан әкелеміз. Егер біз ауқымды газдандыру бағдарламасын қолға алатын болсақ, ол материалдардың өндірісін жерсіндендіру жолын ойластыруымыз керек". Болат Ақшолақов


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды