Әділет министрлігінің хабарлауынша, бұл жолы ведомствоаралық комиссияның кезекті жиынында үш мәселе қаралды. Алғашқы екі мәселе селекциялық жетістіктер мен тұқым шаруашылығын қорғауды реттеу мәселелері жөніндегі заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын қарауға және Парламент депутаттары бастамашылық еткен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізу жөнінде болды.
Заң жобаларының негізгі ережелері туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек баяндады.
Сондай-ақ, қатысушылар квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасын қарады. Оның негізгі ережелері туралы заң жобасын әзірлеуші – ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров баяндады.
Айта кету керек, заң жобаларының сапасын арттыру мақсатында Әділет министрлігі комиссия жұмысын трансформациялады. Енді заң жобаларын дайындау барысында әзірлеушілерге жауапкершілік күшейтілді.
Министр әзірлеушілерден бұдан былай заң жобаларының тұжырымдамаларын тереңірек пысықтауды талап етті.
"Ведомствоаралық кеңесте сіз заң жобасының тұжырымдамасын осымен екінші рет таныстырғалы тұрсыз. Комиссия заң жобасын сапалы түрде талқылауға және аяқтауға мүмкіндік беретін жақсы сүзгі болып отыр. Алайда, бүгін байқалып айтылған ескертулер бойынша нәтиже шығармайсыздар. Өткен отырыста айтылған ұсыныстар мен ескертулер жай ғана алынып тасталған. Нәтижесінде, консультативтік құжаттың пысықталған нұсқасынан сіздер ойластырылған барлық новеллалар алынып тасталған. Аздаған түзетулер мен өзгерістерді қоспағанда, барлығы бұрынғыша. Әділет министрі Азамат Есқараев
Сондай-ақ Азамат Есқараев шикі заң жобаларына қатысты бірқатар ескерту жасады.
"Жалпы бұл ғана емес, сіздерден мемлекеттік кәсіпорындардың рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту ұсынылған еді. Ал Үкімет болса оны 2015 жылдан бастап жоспарлы түрде қысқартуда. Нәтижесінде, іс жүзінде қандай да бір новеллалар жоқ. Мұндай заң жобасын әзірлеу қажеттілігі бар ма деген заңды сұрақ туындайды. Мұндай жағдайдың себебі мемлекеттік органдармен, ведомствоға бағынысты ұйымдармен реформа тәсілдері бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарының тиісті түрде жүргізілмегендігінен екенін атап өту қажет деп санаймын".Азамат Есқараев