Твамара Дүйсенованың сөзінше, республикада 4,3 млн жұмыспен қамтылған әйел бар. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48%-ына тең.
Әйелдердің 35%-ы сауда және қызмет көрсету саласында, 32%-ы білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14%-ы өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9%-дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
"Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Мәселен, 536 мың әйел адам жұмысқа орналастырылды, бұл барлық жұмысқа орналастырылған азаматтардың 55 -ына тең. Ал биыл жылдың екі айында бұл көрсеткіш 92 мыңнан асты", – деді Тамара Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, жас әйелдердің мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу кезінде белсенділігі жоғары. Былтыр 30 мыңға жуық қыздар алғаш рет жұмысқа орналасты.
"Мемлекеттік қолдаудың тағы бір маңызды шарасы - содан кейін жұмысқа орналасу немесе өз ісін ашуға апаратын оқыту, Өткен жылы 80 мыңға жуық әйел кәсіпкерлік негіздері бойынша курстардан өтті. Оқыту қорытындысы бойынша 13 мыңға жуық әйел грант алды. Оның 58% - ы тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтар мен мүкәммал сатып алды, ал 31% - ы мал шаруашылығымен айналысып, мал сатып алды", – деді ЕХӘҚМ басшысы.
Әйелдер бизнесті құрудың сәтті мысалдары ретінде Тамара Дүйсенова кондитерлік цех ашқан Қызылорда облысы Шиелі ауданының көпбалалы анасы Гүлзия Мұратбекқызының және гипс пен резеңкеден жасалған бұйымдар шығарумен айналысқан Ақтөбе облысының тұрғыны Ақманат Жолаушыбаеваның жобалары туралы айтып берді.
Сонымен қатар министр былтыр зейнет жасына дейінгі адамдар үшін "Күміс жас" жобасы іске қосылғанын, оның шеңберінде 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылғанын, оның 50%-ы әйелдер екенін атап өтті. Жоба қатысушылары оны сәтті деп санайды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласынан Тамара Стрельникова кіші медбике ретінде жұмыс тапты, ал Қарағанды облысының Осакаровка ауылынан Татьяна Адамович кондитер болды.