Үкіметте еліміздің үш облысындағы су тасқынына қарсы жедел шаралар талқыланды

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдері орынбасарларының қатысуымен осы өңірлердегі су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шаралары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңес барысында 7 наурызда  Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында ауа температурасының күрт көтеріліп, қардың еруіне және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды қарғын су шайып өткені туралы хабардар етілді, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әкімдіктер шұғыл түрде жолдарды нығайту, су ағынын жайылымдық жерлерге қарай бұру бойынша қажетті шараларды қабылдады. Бұған ТЖД қызметтерінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Елдімекендерді су басу қаупі жоқ.

Қалған өңірлердегі су тасқыны ахуалының мониторингі – Үкіметтің бақылауында.

Қызылорда
Ақтөбе
Атырау
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді