Сенаттың жалпы отырысында депутат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2028 жылға дейін әйелдер 61 жастан зейнетке шығатынын еске салды. Осы орайда ол министрден "2029 жылдан бастап зейнет жасын ұлғайту жоспары бар ма? деп сұрады.
Сұраққа жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасы мына көрсеткіштер бойынша есептелетінін атап өтті.
- өмір сүру ұзақтығы;
- зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі.
Ол алдағы бес жылда денсаулық сақтау саласында ауыл медицинасын жақсарту, көп салалы ауруханалар, мамандандырылған емдеу мекемелерін салуды, телемедицина, скрининг жүргізуді көздейтін ірі ұлттық жоба іске асырылатынын мәлім етті.
"Нәтижесінде, азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығының жақсаратын болса, 2029 жылдан бастап біз бұл мәселеге қайта ораламыз, егер бәрі осы деңгейде қалса немесе, керісінше, төменірек болса, онда әрине, жас шектеуі мәселесі міндетті түрде қайта қаралады". Тамара Дүйсенова
Бұл ретте Еңбек министрі Қазақстанда кейбір азаматтардың зейнетке ерте шығуына болатын норма бар екенін атап өтті. Мысалы, көп балалы аналар, Семей ядролық сынақ полигоны аймағында тұратын азаматтар, сондай-ақ зейнетақы қорында қаражаты бар азаматтар зейнетақы аннуитеті арқылы 55 жаста зейнетке шыға алады.