Баланың құқығы бұзылған жағдайда кімге жүгіну керек

Оқу-ағарту министрлігі баланың құқығы бұзылған жағдайда әр өңірдегі уәкілдерден көмек сұрауға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Баланың құқығы мен мүддесі бұзылған жағдайда ата-аналар, балалар және басқа да тілек білдірушілер өз өңірлеріндегі уәкілдерден көмек сұрай алады. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарайды", - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, олар облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің шешімі бойынша тағайындалады.

Әр өңірдегі уәкілдердің тізімі:

Астана қаласы – Бимендина Әсима Темкенқызы

Алматы қаласы – Есімбекова Айгүл Қанатқызы

Шымкент қаласы – Жазықбаева Жаннета Қанайқызы

Абай облысы – Жүнісова Эльзира Әуесханқызы

Ақмола облысы – Асаинова Әсем Әнуарбекқызы

Ақтөбе облысы – Еділ Қонайұлы

Алматы облысы – Есімбекова Айгүл Қанатқызы

Шығыс Қазақстан облысы – Каленова Аксана Александровна (8705 661 4121)

Жамбыл облысы – Бағжанов Дәурен Оралұлы (8747 187 76 47)

Жетісу облысы – Сисекенова Райхан Маратқызы

Батыс Қазақстан облысы – Өтебалиева Шаттық Саматқызы

Карағанды облысы – Киселева Ирина Болеславовна

Қостанай облысы – Аманқұлова Арайлым Жұмағалиқызы (8705 286 8850)

Қызылорда облысы – Узакбаева Жапырак Бегимбаевна

Маңғыстау облысы – Болатбаева Тілектес Аманқосқызы

Павлодар облысы – Покидова Наталья Сергеевна

Солтүстік Қазақстан облысы – Сұрағанова Сәуле Қуандыққызы

Туркістан облысы – Вероцкая Гүлжан Ералықызы

Ұлытау облысы – Жаппасова Гүлмира Алпысбайқызы

Уәкілдердің телефон нөмірі мен әлеуметтік желідегі логинін мына жерден немесе министрлік сайтынан көре аласыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: