Іс-шара барысында кез келген адам осы саладағы үздік сарапшыларға: адвокаттарға, нотариустарға, заңгерлерге, тергеушілерге, полицейлерге құқықтық сипаттағы мәселе бойынша сұрақ қойып, тегін жауап ала алады, сондай-ақ жергілікті және республикалық билік органдарының өкілдері қабылдау жүргізеді. Іс-шара және өткізу мекен-жайы туралы толығырақ ақпаратты біздің сайттан біле аласыздар.
Мүмкіндігінше көп адамды қамту үшін өз қаласындағы "Халық заңгері" акциясына қатыса алмаған жандарға Zakon.kz басылымы онлайн режимде сұрақ қоюға мүмкіндік береді. Ол үшін мына электронды поштаға хат жазсаңыз болғаны: askyurist@zakon.kz, онда мәселені қысқаша сипаттасаңыз жеткілікті. Хаттың тақырыбында тұрғылықты мекен-жайды көрсету маңызды. Құжаттардың көшірмелерін немесе басқа материалдарды да қосуға болады.
Редакция 23 мамырда кешке дейін қазақстандықтардың сұрақтарын жинақтайтын болады, ал акция күні Алматыдан келген сарапшылар, сондай-ақ проблеманы шешуге жауапты тұлғалар тікелей эфирде ең танымал және жиі кездесетін 50 сұраққа жауап береді. Сұрақтар Астана уақыты бойынша 23 мамырда сағат 23:59-ға дейін қабылданады.
Эфирде айтылған 50 сұрақ жауабынан тыс қамтылған мәселелер Zakon.kz-ның әлеуметтік желілердегі парақшасында жарияланып отыратын болады.
"Халық заңгері" акциясы Қазақстанда 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл идеяны еліміздің бүкіл заңгер қауымы қолдады. Акция тез танымал болып, оны жыл сайын ірі қалаларда ғана емес, бүкіл елде өткізуге шешім қабылданды.
2016 жылдан 2022 жылға дейін 150 мыңнан астам азамат тегін құқықтық көмек алды, олардың сұрақтарына 7 мыңнан астам заңгерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары жауап берді.