РФ Қорғаныс министрлігі Украинадағы шығындары жайлы мәліметпен алғаш рет бөлісті
Сурет: РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызм
РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ресей азаматтарының әскери борышын өтеу кезінде 498-і қаза тапқанын хабарлады, тағы 1 597 адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
РФ Қорғаныс министрілігі хабарлағандай, Украина тарапынан 2 870-тен астам адам опат болды, тағы 3,7 мыңы жараланды.
Қатардағы сарбаздар да, оқу оқып жатқан курсанттар да арнайы операцияға қатыстырылмағанын тағы да атап өткіміз келеді. РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ресей әскери күштерінің есебіне сәйкес, арнайы операция кезінде Украина әскери инфрақұрылымының 1 533 нысанының, 13 ұшақ пен 47 ұшақсыз ұшу аппаратының көзі жойылды. Ресей Қарулы Күштерінің қолдауымен ЛХР әскерлері тағы бес елдімекенді, ДХР — тағы төрт елдімекенді өз бақылауына алды.
Бұған дейін Беларусь еліне украин тарапымен келіссөздер жүргізу үшін Ресейден делегация келгені хабарланған болатын. Кездесу 3 наурызда өтеді деп күтіледі .
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript