Әскери қызметшілер өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға көмек көрсетті

Олар Қостанай облысында орын алған өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсететін «Қайырымдылық КZ» бірыңғай қоғамдық қорына 6 млн 200 мың теңге аударды.
Бұдан өзге «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери қызметшілері зардап шеккендерге құрылыс материалдары, азық-түлік және жылы киімдер тиелген үш КамАЗ көмек жіберді. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 23 тоннаны құрады.
Қостанай облысындағы өртті сөндіруге офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатарынан 180-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылғанын айта кеткен жөн.
Олар Әулиекөл ауданының Бағаналы, Озерное және Новонежинка елді мекендерінде өрт апатының таралуына жол бермеуге елеулі көмек көрсетті. Өртке қарсы іс-шараларды өткізу барысында инженерлік техника және көлік-жауынгерлік тікұшақтар жұмылдырылып, олар ауданды барлауды және өрт ошағына су шашуды жүзеге асырды.
Қиын сәтте армия әрқашан халыққа көмек көрсетуге дайын. COVID-19 пандемиясы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде әскери қызметшілер уақытша бөгеттер тұрғызып, апатқа ұшыраған аудан тұрғындарын эвакуациялады. ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі