Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 2023 жылы запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жоспарланды

ҚР Қорғаныс министрлігі, запастағы әскери қызметкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2022 16:55 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
Қазақстан үкіметінің "Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2023 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын", деп жазылған қаулыда.

Жобаға сәйкес, барлығы 345 офицер қажет, олар:

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – 260;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 60;
  • Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі –16;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы  – 9

Қаулы жобасы 27 желтоқсанға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: