Жаңалықтар тізбегі
0

"Қаңтар оқиғасы" кезінде 10 оқ тиген сарбаз: Қазір денемде 4 оқ тұр

БАҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2023 17:25 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкері Самандар Ташкенбаев – "Қаңтар оқиғасы" кезінде жараланғандардың бірі. 22 жастағы шымкенттік тура бір жыл бұрын атышулы оқиға уақытында бұзақылар отырған көлікті тоқтатып, залалсыздандырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауынгерге сол уақытта 10-нан астам оқ тиіп жарақат алған. Оның төртеуі әлі де денесінде. Әскери азамат бір жылдан бері ем қабылдап келеді. Ол оңалып, денсаулығы түзелсе, қайта сапқа қосылғысы келетінін айтады, деп хабарлайды Otyrar.kz.

6506 әскери бөлімінің жауынгері Самандар Ташкенбаев 2022 жылдың қаңтарында болған қайғылы оқиғаны еске алғысы келмейді. Қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні сарбаздар Шымкент әкімдігінде кезекшілікте болған. Шеруге шыққан бүлікшілер жүк көліктері мен жүк тиегіштеріне мініп, бір мезетте жолындағысының бәрін қирата бастаған. Ал олар оқ жаудыра бастағанда Самандар Ташкенбаев ауыр жарақат алған. Дегенмен ол, оған дейін жүк көлігін залаласыздандырып үлгерген. Алайда, шеруге шыққандар жаппай оқ атып, салдарынан, жас жігітке 10-нан астам оқ тиген.

"Погрузчикте отыр едім, алды жақтан оқ келді. Бірнеше жерден түртіп өткен. Оқ келіп жатқанда қол көтерген кезде, іш жақтан оқ келіп, келесі бетінен шығып кетті. Алматыда операция болды. Отырып айналған кезде белге, аяққа тиеді. Аяқтағы жүйкеге ота жасалды, мына аяққа да оқ тиді. Қазір денемде 4 оқ тұр. Екі артқы аяқта, ішімде біреу, қолымда біреу". 6506 әскери бөлімінің бөлімше командирі Самандар Ташкенбаев

Сарбаздың жарақаты ауыр болған соң бірнеше ота жасалған. Ал атылған 10-нан астам оқтың, бірнешеуі алынған, дененмен қазір төртеуі денесінде көрінеді. Бүгінде жауынгерге қимыл-қозғалыс қиынға түседі. Самандар бір жылдан бері ем алып келеді. Дегенмен, алған жарақаттарына қарамастан, ол: "Егер денсаулығым түзелсе, еш ойланбай сапқа қайта қосылар едім", - дейді.

"Погрузчиктан шықтым оқ тигенде, сосын біздің әскери бөлім командирі өзіміздің спецназдың машинасына салып, ауруханаға алып кетті. Енді өзім де ойлаған жоқпын ғой оқ тиеді деп, енді көтеріліс болып, бәріміз халықты тынышталдырайық деп бардық. Сол кезде оқ тиді. Өкінбеймін, басқа түскенді көреміз ғой". Самандар Ташкенбаев

22 жастағы жігіт ерлігі үшін 3-ші дәрежелі "Айбын" орденін алды. Жауынгер көрсеткен ерлігі үшін марапатталды. Ол бүгінде үйленіп, бір қыздың әкесі атанып отыр. Самандарды алдағы уақытта ұзақ ем мен оңалту жұмысы күтуде.

"Самандар өзін батырмын деп санамайды. Оның жасаған ерлігі – бізге келе жатқан погрузчик тракторды жолдан алып тастады. Өйткені бізге трактор арқылы шабуыл жасаған болатын тәртіп бұзушылар. Осы тәртіп бұзушылықты тоқтату мақсатында Самандар осындай жарақат алып отыр".6506 әскери бөлімінің рота командирі Оразхан Мырзалиев

Шымкенттегі шеруге алғашында бейбіт тұрғындар шыққанымен, 5 қаңтарға қараған түні сағат екілер шамасында қалада жаппай тәртіпсіздік басталды. Бұзақылар бүлдірген нысандар қайта қалпына келтірілгенімен, қаншама адам сол қайғылы оқиғадан көз жұмды. Ал жапа шегіп, жарақат алғандардың біраз бөлігі арада бір жыл уақыт өтсе де денсаулығын қалпына келтіре алмай келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: