Жаңалықтар тізбегі
0

Тасмағамбетов: БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына ҰҚШҰ-ның қатысуы мүмкін

ҰҚШҰ Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта "үйлестіруші мемлекет" арқылы БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қатысу мүмкіндігі пысықталуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ТАСС-қа берген сұқбатында мәлім етті.

Оның айтуынша, "халықаралық қоғамдастық ҰҚШҰ-ның өз жауапкершілік аймағындағы түрлі бағыттар бойынша қызметін жоғары бағалады".

Ол Арменияның ҰҚШҰ-ға төрағалығы барысында өткен жылы 21 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының отырысында "Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасындағы ынтымақтастық" қарары қабылданғанын еске салды.

Мәселен, Тасмағамбетовтың айтуынша, қарарда ҰҚШҰ-ның өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жүйесін нығайту, терроризмге және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі мен қарудың заңсыз айналымына, жөн-жосықсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі елеулі күш-жігері атап көрсетілген. Бұл бағытта жұмсалған күш-жігер, ҰҚШҰ Бас хатшысы атап өткендей, БҰҰ мақсаттары мен қағидаттарын іске асыруға жәрдемдеседі.

ҰҚШҰ-ның Telegram арнасында ұйымның Бас хатшысы қазіргі уақытта "үйлестіруші мемлекет"арқылы БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қатысу мүмкіндігі пысықталып жатқанын атап өтті.

Иманғали Тасмағамбетов 2022 жылы 23 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: