Көктемде әскерге қанша адам шақырылады

Көктемде қанша адам әскерге шақырылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 16:59 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды. Қорғаныс министрлігінің өкілдері 2023 жылы қанша жасты әскер қатарына алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықовтың айтуынша, көктемгі әскерге шақыру 1 наурыздан басталды. Барлық облыста әкім орынбасарларының төрағалығымен 195 қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиясы жұмысын бастады.
"1 шілдеге дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатары мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босауға негізі жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 18 402 мерзімді әскери сарбазбен толығады".Бауыржан Артықов
Азаматарды келесідей бөлу жоспарланып отыр:

  • Қарулы Күштерге – 7785 адам,
  • Ұлттық ұланға – 6823 адам,
  • ҰҚК Шекара қызметіне – 3400 адам,
  • Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне – 306 адам,
  • Мемлекеттік күзет қызметіне – 88 адам.
Жалпы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы көктемгі және күзгі мерзімді шақырулар кезінде әскер қатарына 37 мың жасты шақыру жоспарланған. Былтыр 35 мың адам шақырылған еді.

Бауыржан Артықовтың айтуынша, адам санын 2 мың адамға ұлғайту Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамаларын, сонымен қатар басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды кадрлық қамтамасыз ету қажетіне байланысты.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: