Тоқаев әскери полиция органдары туралы заңдарға қол қойды

«Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР президенті, әскер, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 17:01 Сурет: akorda.kz
14 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң әскери полицияның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, әскери полиция органдарының міндеттерін, құзыреттерін, құрылымын, өкілеттіктерін анықтау, сондай-ақ іске асырылған функцияларды заңнамалық бекіту бөлігінде өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар заң әскери полиция органдарының құқық қорғау органдарына тиесілігі мен бағыну тәртібін, сондай-ақ олардың бір-бірімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін реттейді.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін 2005 жылғы ескі заң күшін жояды.

Сондай-ақ Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: