Колледж студенттері әскери борышын өтеу мерзімін қалай кейінге шегерте алады
Сурет: pexels
Колледж студенттері SMS хабарлама арқылы әскери мерзімін өтеу мерзімін кейін жылжыта алады. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің мәлімдеуінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде 2023 жылғы наурыз айынан бастап колледж студенттеріне проактивті форматта SMS жолдана бастайды.
"Күндізгі оқу нысанындағы колледж студенттеріне әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру оқу аяқталғанға дейін беріледі. Ол Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық жалпы білім беру деректер базасынан расталады және соның негізінде SMS арқылы кейінге қалдыру немесе әскерден босату рұқсаты беріледі".Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Азат Тиштыбаев
Бүгінгі таңда Қазақстан колледждерінде әскерге шақыру жасындағы 118 мыңға жуық студент білім алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript