Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
![Қауіпсіздік кеңесі, ҚР президенті, қауіпсіздік, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 12:48](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-b36a82ae-1f2b-4575-a8e6-7c0539d17bcc/800x450.webp)
15 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Отырыс барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.
"Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті", – делінген ресми хабарламада.
Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript