Жаңалықтар тізбегі
0

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық ақындар айтысы өтті

zakon.kz zakon.kz
Бас жүлдені семейлік Рүстем Қайыртай қанжығасына байлады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және классик жазушы, академик Сәбит Мұқановтың 120 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» республикалық ақындар айтысы ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Петропавл қаласында өтті.

Аламан додаға Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қазылық етті. Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы сөз сайысының майталмандарына әділ бағасын берді.

Дәстүр бойынша айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді.

Бас жүлдені семейлік Рүстем Қайыртай қанжығасына байлады.

Республикалық айтысқа еліміздің әр аймағынан 12 ақын қатысты.

Абай Құнанбайұлы мен Сәбит Мұқановтың мерейтойларына орайластырылған бұл атаулы іс-шара 2020 жылдың қорытындысы болды.

Республикалық айтысқа Рүстем Қайыртай /Семей қаласы/, Аспанбек Шұғатаев /Павлодар қаласы/, Шалқарбай Ізбасаров /Атырау қаласы/, Шұғайып Сезімхан /Алматы қаласы/, Әсем Ережеқызы /Нұр-Сұлтан қаласы/, Алтынгүл Қасымбекова /Тараз қаласы/, Қанат Мырзахан /Алматы облысы/, Дидар Қамиев /Қарағанды қаласы/, Әлібек Серғалиев /Көкшетау қаласы/ сынды жүйріктермен қатар өңірдің от ауызды ақындары Жарқын Жұпархан, Жұмабек Рақимов, Абзал Жұмабек қатысты. Айтыста ақындар Абай мен Сәбиттің өнегелі өмірі мен шығармашылығын, елдің ерлігі мен бірлігін, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерді жырға арқау етті. Барлығы 12 ақын.

Айтыстың жүргізушісі Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

Аламан айтыстың нәтижесі бойынша келесі жүлделі орындар тағайындалды:

Бас жүлде - Рүстем Қайыртай /Семей қаласы/,

1 орын –Жарқын Жұпархан /СҚО/

2 орын - Әсем Ережеқызы /Нұр-Сұлтан қаласы/

3 орын (екеу) - Шалқарбай Ізбасаров /Атырау қаласы/, Дидар Қамиев /Қарағанды қаласы/,

Кәкімбек Салықов атындағы арнайы жүлде Шұғайып Сезімхан /Алматы қаласы/,

Мағжан Жұмабаев атындағы арнайы жүлде Қанат Мырзахан /Алматы облысы/

Үкілі Ыбырай атындағы арнайы жүлде Аспанбек Шұғатаев /Павлодар қаласы/ Қалған ақындарға ынталандыру сыйақысы берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: