Жаңалықтар тізбегі
0

Автокөліктерді заңдастыру: тіркеу алымының қандай ставкасы қолданылады

Рөлі оң жақтағы көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 21:09 Сурет: pexels
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алынатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы (Қаулы) М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарына қатысты қолданылады.

Аталған санатқа мыналар жатады:

- жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа, сегізден аспайтын жолаушылар отыратын орны бар көлік құралдары;

- жүргізуші орнынан басқа сегізден астам отыратын орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары;

- техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары.

"Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркеген кезде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады. Қаулыда көрсетілмеген санаттарға жататын көлік құралдарын алғашқы тіркеуден өту барысында, Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағында бекітілген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкалары бойынша алым төленеді", делінген ресми хабарламада.

Осыған дейін Мемлекеттік кірістер департаменті "Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан өткізу қажет пе" деген сұраққа жауап берді.

Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындауы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі болып табылатыны белгілі екені ескертіледі.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: