Жаңалықтар тізбегі
0

ҚМГ арнайы жұмыс тобы Жаңаөзен кәсіпкерлерімен кездесті

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 19:00 Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
Жаңаөзенде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бастаған арнайы жұмыс тобының өкілдері қаланың 30-ға жуық кәсіпорнының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға "Өзенмұнайгаз" АҚ Бас директоры Н.Қилыбай, Жаңаөзен қаласының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры А.Шарапатдинов, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

Талқылауға Жаңаөзен аумағында бірқатар тауар өндірісі мен қызмет түрлерін дамыту мәселесі арқау болды.

Хасанов атап өткендей, талдау барысында "Өзенмұнайгаз" компаниясының сатып алу қызметінде болашақта отандық өндірушілер жеткізуіне болатын тауар мен қызмет түрлерінің бар екені анықталды.

"Бұл шара өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге және жергілікті тауарлар мен қызметтерді дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі.

Жиынға қатысушылар өңірдегі қажеттіліктерді анықтап, тиісті ұсыныстарды қарайтын арнайы шағын топ құру туралы шешім қабылдады.

Бүгінде қала кәсіпкерлері ысырмаларды жөндеу, шыныпластикалық құбырларды жөндеу, гидравликалық кілтті жалға алу және металл сынықтарын радиациядан тазарту сияқты қызметтерді дамыту бойынша жобаларды қолға алғанын айта кету керек.Арнайы жұмыс тобы жергілікті тауар мен қызмет түрлері бойынша  перспективалы бағыттарды анықтау үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ сатып алу қызметін толық талдау жұмысын жалғастырады.


Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 19:00

Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: