Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрі "Іле" полигонының инфрақұрылымын тексеріп, басшылық құраммен кездесті

Кеңес, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 20:55 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов оқу-әдістемелік жиындары шеңберінде әскер түрлерінің бас қолбасшыларымен, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінің қолбасшыларымен, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерімен кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрістетілген командалық пунктті тексеру барысында министр қолбасшылардың, құрамалар мен батальон командирлерінің басқару пункттерін ұйымдастыруда осындай тасадағы орындардың өзектілігін атап өтті.

"Бекіндірілген басқару пункттері – қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың стандарты. Жоғары қауіпсіздік бөлімшелермен жұмыстың тиімділігін арттырады".  ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов


Әскери даярлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 20:55

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Командалық құраммен өткен кездесуде министр әскерлердің жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік қабілеттілігі мен ұтқырлығын арттыруға бағытталған Қарулы күштердің қызметін жетілдіру жолдарын талқылады. 

Оқу-әдістемелік жиындар шеңберінде қатысушылар жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу барысында әскери құралымдар штабтарының қызмет алгоритмімен және жедел-тактикалық буынның басқару органдары арасындағы байланысты ұйымдастырумен танысты.

Жиынға қатысушылар әскери қызметшілерді БҰҰ бітімгершілік миссиясын орындауға дайындау мәселелерін талқылап, HATO стандарттарына сәйкес штаб жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.


Әскери полигон, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 20:55

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Өткізілген сабақтар командирлерге әскери бөлімдер мен құрамаларда жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру, әр түрлі жауынгерлік іс-қимылдарда әскерлерді басқару дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Олар командалық құрамның алдында тұрған мәселелер мен міндеттердің өзекті спектрі бойынша бірыңғай оқу-әдістемелік базаны әзірлеуге бағытталған.

Басшылық құрамның жиындары Қорғаныс министрінің қолбасшылығымен өтетін көшпелі әскери алқа жұмысымен аяқталмақ. Онда Қарулы күштердің қысқы оқу кезеңіндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, келесі кезеңге міндеттер қойылады.


Әскери даярлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 20:55

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: