Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорған қаласы әкімдігі қоғамдық көліктердің нақты жағдайын сипаттап, есеп берді

Автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 17:16 Сурет: Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Талдықорған қаласы бойынша жолаушылар тасымалымен тоғыз жеке кәсіпорын (жеті қалалық және екі қала маңындағы маршруттар) айналысады. Бұл ретте қаладағы қоғамдық көліктердің тозу деңгейі 70%-ды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, қала бойынша барлығы 26 бағытта 187 автобус жолға шығады, сондай-ақ резервтегі автобустар және қала маңына қатынайтын 37 автобус тағы бар.

"Осыны ескере отырып, қоғамдық көліктің тозу деңгейі 70%-ды (7 жылдан асқандары - 132 автобус) құрайды", - деп атап өтті Шәкенов.

Сондай-ақ, Талдықорған қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Н. Алтынбеков Zakon.kz порталына берген сұқбаты кезінде резервтегі автобустар мен қала маңына қатынайтын маршруттарды есепке алмған, осыған байланысты қаланың қоғамдық көлігінің тозу деңгейі туралы жаңсақ мәліметтер ұсынған.


Автопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2023 17:16

Сурет: Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Осылайша, Талдықорған билігі ҚР ИИДМ басшысы Марат Қарабаевтың сөзін растап, нақтылады. 20 маусымда ол жеңілдетілген автонесиелеуден түскен қаражат қоғамдық көлікті несиелеуге бағытталатынын айтқан. Сол кезде министр Талдықорғандағы қоғамдық көліктердің тозу деңгейі 70% -ды құрайтынын атап өткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: