Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда Jaiq Hub кеңсесі ашылды

Jaiq Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:27 Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
12 шілдеде Орал шаһарында Jaiq Hub кеңсесінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған іс-шараға өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және  IT мамандары қатысты. Jaiq Hub  кеңсесінің  жұмыс жоспарымен танысқан министр бірнеше маңызды  жобаға қолдау танытатынын айтты.  


Бағдат Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Jaiq Hub  өңірімізде инновациялық жобаларды әзірлеумен, IT саласындағы кадрларды оқытумен айналысады. Олар сондай-ақ жергілікті IT-қауымдастықтарды – стартаптар, инвесторлар, тәлімгерлер қауымдастығын құрады, оған барлық мүдделі тұлғалар қосыла алады. Инкубациялық  және  стартап жобаларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлікке оқыту, инвестицияларды тартуға көмек көрсету, қаржылық есеп және PR бойынша қолдау көрсетіледі.

"Jaiq хаб Батыс Қазақстан облысындағы  жастар мен IT қоғамдастығы үшін тартымды орталық болады деген сенімдеміз. Біз аймақта Astana Hub білім беру бағдарламаларын таратуды, стартаптар үшін инкубациялық бағдарламаны және IT қауымдастығы үшін түрлі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз.  jaiq хабының ашылуы аймақтың IT секторын дамытудағы маңызды қадам болмақ.  Жастардың  арманын  жүзеге асырып,  ІТ саласында табысқа жетуге көмектесетініне сенімдіміз", - деді Astana Hub даму кеңсесінің аймақтық директоры Аида Дусова.


Jaiq Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Өңірлерде жобаны  жаңадан бастаушыларға арналған Startup School онлайн тренингі, кодты қолданбай IT өнімдерін әзірлеу дағдыларын дамытуға арналған No Code курстары және Startup Academy технологиялық кәсіпкерлік бағдарламасы бар. Сондай-ақ, әртүрлі офлайн және онлайн кездесулер, тренингтер ұйымдастырылып, онда  табысты IT-кәсіпкерлер IT, сату, стратегия және маркетинг туралы  тәжірибелерімен бөліседі.


Jaiq Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 18:27

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі


Айта кету керек, Astana Hub биыл бүкіл ел бойынша 17 аймақтық IT хаб ашуды мақсат етіп қойған. Бүгінде олар Jaiq хабтан басқа Қазақстанның  Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе және Семей қалаларында  жұмыс істейді.

Бұдан соң  ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда облыс халқымен кездесті. Жиында ведомоство басшысы байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кездесу соңында министр жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: