Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қырғызстан астанасы Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қос елдің қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен генерал-лейтенант Бақтыбек Бекболотов Жеңіс алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Осы күні қорғаныс министрлерінің кездесуінде тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін және екіжақты ынтымақтастықтың келешек көкжиегін талқылады.
Ыстықкөл облысының Балықшы қаласындағы "Эдельвейс" оқу-жаттықтыру орталығында "Эрдик" бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

