Ақтөбе қаласының әкімі екі апатты тұрғын үйден көшірілген тұрғындармен кездесті

Апатты үйден көшірілген тұрғындар, кездесу, Ақтөбе қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 19:27 Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет Есет батыр алабындағы №39 және №40 үйлердің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 48 пәтерлі бұл екі үй апатты жағдайда деп танылып, тұрғындары көшірілген болатын. Олар Есет батыр тұрғын алабының бірінші шағын ауданында салынып жатқан 150 пәтерлі №51 үйден баспана берілетіні туралы шешімге келіскен болатын. Қазір тұрғындар осы үйдің құрылысы баяулап қалғанына алаңдап отырғандарын жеткізді.


Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Мердігер ұйым басшылығы бұл үйді 20 қыркүйекте аяқтап, пайдалану үшін тапсыруға уәде берді. Қазір үйдің пәтерлерінде әрлеу және сыртында фасадты бояу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғындармен кездесуге барған қала әкімі мердігерге өз уәдесінде тұрып, айтқан уақытында құрылысты аяқтауды талап ететінін ескертті. Себебі, құрылыс бітпей, ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкін емес болып отыр.


Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Айта кету керек, осы екі апаттық үйге қатысты қазір сот ісі жүріп жатыр. Құрылыс бөлімі толық залалды өтеуді талап етіп, екі үйдің құрылыс-монтаж жұмысын жүргізген "Машат" ЖШС-ны, сондай-ақ, техқадағалауды, авторлық қадағадауды жүргізген ұйымдарды және жоба авторын сотқа берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: