Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, құттықтау, Ұлттық олимпиада комитеті, 30 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2023 19:26 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетін құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Құрметті Ұлттық Олимпиада комитетінің ұжымы! Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – елімізде ерекше орны бар ұйым. Сіздер олимпиада құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпақты спортқа баулуға және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде өрендеріміз талай байрақты бәсекеде табысты өнер көрсетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарынан, әлем біріншіліктерінен және Азия чемпионаттарынан ел қоржынына жүздеген жүлде салды. Саңлақтарымыздың есімі әлемдік спорт жылнамасына алтын әріппен жазылды". Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы еліміз қысқы Азия ойындарын, Бүкіләлемдік универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізіп, жаһан жұртшылығының лайықты бағасын алғанын ерекше атап өтті.


"Мемлекет олимпиада қозғалысын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Біз Халықаралық олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ықпалдастықты нығайта береміз. Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, абыройымыз асқақтай берсін! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!". Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: