Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында аудан әкімі болуға үмітті алты кандидат тіркелді

Аудан әкімі сайлауы, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 18:20 Сурет: Zakon.kz
2023 жылдың 5 қараша күні өтетін аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау Қызылорда өңіріндегі 7 аудан ішінен Сырдария және Шиелі аудандарында ұйымдастырылады. Бұл туралы Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық сайлау комиссиясы сайлау күнтізбесіне сәйкес, 10 қазанда жергілікті уақыт 18.00-ден кейін кандидаттарды тіркеу аяқталғанын нақтылайды.

"Сайлау науқанына екі аудан бойынша барлығы 7 кандидат ұсынылды, оның ішінде 3-і - саяси партиялар, 4-і - өзін-өзі ұсыну тәртібімен. Ұсынылған 7 азаматтың 6-ы тіркеліп, 1-уі өз өтініші негізінде кандидаттықтан алынып тасталды. Орташа бәсекелестік 1 орынға 3 адамнан келді. Кандидаттардың орташа жасы 47 жас, ал ең жасы - 39 жаста, ең үлкені - 60 жаста. Үміткерлердің ішінде әйел азаматшалар жоқ", делінген хабарламада. 


Аудан әкімі сайлауы, Қызылорда облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2023 18:20

Сурет: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Сондай-ақ кандидаттардың төртеуі - мемлекеттік қызметкер, екеуі - қазіргі әкімдер.  

Мамандығы бойынша төртеуі - экономист, біреуі - заңгер және  біреуі - құрылысшы.

"10 қазанда жергілікті уақыт 18-00-ден кейін кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталды. Бұл ретте кандидаттардың өз сайлау қорлары болмайды. Олар арнайы белгіленген шығыстар шеңберінде жұмыс жасай алады. Кандидаттар үшін Шиелі ауданында 24 кездесу орны, 30 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды. Ал, Сырдария ауданында  15 кездесу орны, 19 үгіттік баспа ілетін орындар дайындалды".  Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

Айта кетсек, сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізілуде. Шиеліде 50402, Сырдариядау 22101 сайлаушы тіркелген. 

Бүгінгі күні сайлаушылар үшін "Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер" атты сервис жұмыс істейді. Тұрғындар saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: