Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысында ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылды

Салтанатты рәсім, БҚО, ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:13 Сурет: "Samruk-Kazyna Trust" қоры
Орталыққа "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - "Samruk-Kazyna Trust" қоры арқылы 57 млн теңге қаржы бөлінді. Жаңа орталық мамандары нейро-ортопедиялық кінәраттары мен олардың туындау қаупі бар балаларға көмектесетін болады.

Мекеме ең замануи жабдықтармен жабдықталған, жылына денсаулығында кінәраты бар 3 жасқа дейінгі 600 баланы қамти алады. Бұл - "Самұрық Қазына" қорының қаржыландыруымен "Қамқорлық" жобасы аясында Орал қаласында ашылып отырған екінші оңалту орталығы. Алғашқысы 2019 жылы 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ашылған болатын.

Ғибрат Ауғанов, БҚО, ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:13

Сурет: "Samruk-Kazyna Trust" қоры

"Біз бүгін Қазақстан бойынша ерекше балалар және олардың ата-аналары үшін  34-ші  оңалту орталығын ашып отырмыз. Ерте араласу  оңалту орталықтарының артықшылығы -  денсаулығында кәніраты бар балаларға абилитациялық оңалтуды жүргізу  арқылы мүгедектігінің алдын алуға көмек беру. Бұл мақсатта дәрігерлермен бірлескен еңбектің жемісін ата-аналар қауымы лайықты бағалайды деп сенемін. Ал біздің ұлттық әл-ауқат қоры инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған игілікті ісін әрі қарай да жалғастыра береді", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.


Ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы, БҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:13

Сурет: "Samruk-Kazyna Trust" қоры

Ерте араласу орталығында церебралды сал ауруы, шала туу, Даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы, босану жарақаттары және қозғалыс бұзылыстары және жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар оңалтудан өтеді. Балалармен жұмыс істеу үшін тиімді технологиялар ұсынылған, олар: механотерапия және емдік-дене шынықтыру залы, сенсорлық, иммерсиялық ванна, шунгит және тұз бөлмелері. Есту қабілетін және бас миын зерттеуге арналған диагностикалық жабдықтар да бар.

Ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы, БҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:13

Сурет: "Samruk-Kazyna Trust" қоры

Жалпы, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, БҚО аумағында соңғы 5 жылда жалпы сомасы 360,5 млн теңгеге 7 жобаны іске асырды.

Ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы, БҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 20:13

Сурет: "Samruk-Kazyna Trust" қоры


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: