Жаңалықтар тізбегі
0

Көктем мерекесі көне шаһарда да кеңінен тойлануда

Мерекелік шара, Тараз, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 20:53 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
14 наурыз – Көрісу күніне орай Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.

Шара барысында қонақтар "Нұр тарайды Наурыздан" атты кітап көрмесін тамашалап, "Дулати" халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын көрді. Қойылымда достық, ұлттық дәстүр, жастар тәрбиесі тақырыптары айшықталды.

Мерекелік шара, Тараз, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 20:53

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, бір-біріне тілектерін жаудырды. Сондай-ақ қариялар ақ баталарын берді.

Көрісу, Тараз, наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 20:53

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен түйінделді.

Ән-шашу, Тараз, наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 20:53

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап өтейік, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу дәстүрі – қыстың қыспағы мен қиындығынан аман-есен шыққан халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Сол себепті, бұл мейрамды тойлау, бір күнмен шектелмейді, жыл бойы жалғасады. Өйткені, Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге құрмет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Көрісу күні, Тараз, Наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 20:53

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл күні облыс аудандарының бәрінде тақырып мазмұнын аша түсетін игі шаралар ұйымдастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: