Өнеркәсіп және құрылыс министрі Тимур Қарағойшин қызметінен босатылды

Тимур Қарағойшин, Өнеркәсіп және құрылыс министрі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2024 18:31 Сурет: primeminister.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Тимур Қарағойшин қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағойшин Тимур Жиенбайұлы зейнет жасына жетуіне байланысты Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлады 2024 жылы 9 сәуірде Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тимур Қарағойшин 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Алматы сәулет-құрылыс институтын, Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-құрылысшы, заңгер-сарапшы.

Еңбек жолын 1978 жылы бастаған.

  • 1985-1991 жылдары — жылжымалы механикаландырылған колонналардың шебері, прорабы.
  • 1991-1994 жылдары — "Сәулет" Фурманов шағын кәсіпорны, Орал облыстық атқару комитетінің сәулет және құрылыс комитетінің шаруашылық есептегі жобалау-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросының директоры.
  • 1994-1996 жылдары — БҚО Жалпақтал аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары.
  • 1996-2001 жылдары — "Оралавтожол" қазыналық кәсіпорнының бас маманы, директордың жол қоры бойынша орынбасары.
  • 2001-2002 жылдары — Батыс Қазақстан облыстық орталығының директоры.
  • 2002-2005 жылдары — БҚО бойынша Сәулет-құрылысты бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасы басшысының м. а., басшысы, директордың орынбасары; Индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаментінің директоры.
  • 2005-2007 жылдары — Орал қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2007-2008 жылдары — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ филиалының директоры, жобалау және күрделі құрылыс дирекциясы.
  • 2008 жылғы қазан-қараша аралығында — БҚО әкімінің кеңесшісі.
  • 2009-2010 жылдары коммерциялық ұйымды басқарды.
  • 2011 ж. қаңтар-шілде аралығында — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі. 
  • 2011-2013 жылдары — Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.
  • 2013 жылғы сәуір-қараша аралығында — ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы.
  • 2013-2016 жылдары — "Мемсараптама" РМК бас директорының бірінші орынбасары; бас директорының м. а.
  • 2016 жылғы маусымнан бастап қазірге дейін "Мемсараптама" ШЖҚ РМК бас директоры қызметін атқарған.
  • 2023 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметін атқарды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: