Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Армения екі ел арасындағы шектеусіз ұшулар жайлы өзара келісімге отырды

Ұшу құқығы, Қазақстан, Армения, келіссөз, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2024 20:20 Сурет: pixabay
Қазақстан мен Арменияның әуе тасымалдаушылары екі ел арасындағы ұшуды шектеусіз орындау құқығына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігі өз кезегінде отандық автотасымалдаушылар Армения аумағында жол және экологиялық алымдарды төлеуден босатылатынын баса атап өтті.

Қазақстан Президентінің Арменияға ресми сапары аясында екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығын дамыту мақсатында 2006 жылғы 6 қарашадағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға және Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді.

"Қол қойылған меморандумға сәйкес екі елдің әуе тасымалдаушылары Армения мен Қазақстан аумағындағы рұқсат етілген пункттерге (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей, Түркістан, Ақтөбе) 3-ші, 4-ші және 5-ші дәрежелі "ауа еркіндігін" пайдаланумен ұшуды орындау құқығына ие болды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар қазақстандық тарап "Армян авиакомпаниялары" ЖШҚ-ға 2027 жылдың соңына дейін Ереван – Ашхабад-Астана бағыты бойынша коммерциялық құқықтары бар тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берді.

Үкіметаралық келісімге түзетулер пакеті үшінші елдерге/елдерден жүктерді автотасымалдауға рұқсат беру жүйесін құруды, сондай-ақ қазақстандық тасымалдаушыларды екіжақты және транзиттік жүк тасымалдары кезінде жол және табиғат қорғау төлемдерінен босатуды көздейді (Армения Республикасының аумағында әрбір автокөлік құралынан шамамен 100 доллар экологиялық алым алынады).

Айта кетсек, Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуірде Ереванға ресми сапармен барды. Мемлекет басшының 15 сәуірдегі Армениядағы шағын форматта өткен кездесуден кейін екі ел басшылары келіссөзді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: