Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар бүлінген қай мүлкі үшін өтемақы ала алады

Өтемақы, су тасқыны, бүлінген мүлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 22:14 Сурет: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев 19 сәуірде бейінді министрліктерге екі күн мерзімде су тасқыны салдарынан жоғалған немесе бүлінген бірінші қажеттіліктегі мүлік үшін залалды өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мүліктің тізіміне мыналар кіреді:

  • тамақ сақтауға және дайындауға арналған заттар,
  • тамақ ішуге және ұйықтауға арналған жиһаз заттары,
  • азаматтарды ақпараттандыру құралдарының заттары,
  • сумен жабдықтау және жылыту құралдары. 
"Бұл өтемақыны жергілікті атқарушы органдар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттан қарастыратын болады. Бұған дейін Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек күте алады деген жадынама жариялаған болатын", делінген хабарламада. 

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленетін болады.

Айта кетсек, алдында Үкімет су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау тетіктерін әзірлегені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: