Жаңалықтар тізбегі
0

Жалған зәйтүн майын қалай ажыратуға болады – контрафактілік белгілері жайында мамандар айтты

Жалған зәйтүн майын қалай ажыратамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 09:21 Сурет: pxhere
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі зәйтүн майын қалай дұрыс таңдау керектігін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі тұтынушылардың тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасы жайлы, сонымен қатар Астана қаласында сатылатын тауарлардың сатушылары (өндірушілері) жайында ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, Биятан Жанна жасырын сатып алушы әдісімен Астана қаласындағы "Сарыарқа" базарынан "Via Barletta" (Италия) компаниясы шығарған "IL COOCO" маркалы зәйтүн майын сатып алды.

Жалған зәйтүн майын қалай ажыратамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 09:21

Сурет: Жанна Биятан

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Мемлекеттік сараптама комитетінің Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМҚ филиалының аккредиттелген зертханасына техникалық регламентке сәйкестігіне кешенді зерттеулер жүргізу үшін ұсынылды.

2024 жылдың 3 шілдесіндегі РО-24-52659-663/№791 азық-түлік өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамасына сәйкес, төмендегідей бұзушылықтар анықталды:

  • тауар атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • тамақ өнімдерінің құрамы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • сақтау шарттары мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • өндірушінің және импорттаушының атауы мен орналасқан жері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген;
  • таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерде көрсетілмеген;
  • тағамдық құндылықтар мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмеген.

Аталмыш фактілер бойынша материалдар тиісті органдарға шара қолдану үшін жолданды. Егер бұл фактілер расталса, аталған өнімді айналымға шығарған сатушы айыппұл төлейді.

Жалған зәйтүн майын қалай ажыратамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2024 09:21

Сурет: Жанна Биятан

Сонымен қатар, техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес, аталмыш өнім Қазақстан Республикасы аумағында таратылып, сатылуға тыйым салынады.

Жалпы, Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау туралы" заңы 41-бабының 8 және 14-тармақтарын басшылыққа ала отырып , "МОТҚҚҚ" ҚБ Астанада сатылатын азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың 20-дан астам түріне зерттеу жүргізді.

Тұтынушылар назарына!

Әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссиясының "Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі" сайтына, сол сияқты сәйкестікті растау бойынша құжаттар тізілімдерінің қазақстандық сайтына да кіріп, сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын біліп, сондай-ақ құжаттардың нақтылығын тексере алады.

"Әр өнімнің сәйкестік декларациясы түріндегі өзіндік куәлігі болуы керек. Бұл жай ғана "шатпақ құжат" емес, бұл – Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсандағы № 880 шешіміне сәйкес тауардың сынақтың барлық сатыларынан өткенін дәлелдейтін құжат", – атап өтті заңгер Жанна Үрметханқызы.

Тұтынушыларға арналған жадынама

Сәйкестік туралы декларация төмендегідей ақпараттарды қамтуы керек:

1) өтініш берушінің аты-жөні және орналасқан жері;

2) өндірушінің атауы және орналасқан жері;

3) осы объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін сәйкестікті бағалау объектісі туралы мәліметтер;

4) талапқа сәйкестігі расталған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінің атауы;

5) өтiнiш берушiнiң тамақ өнiмдерiн мақсатына сәйкес пайдаланғандағы оның қауiпсiздiгi туралы және өтiнiш берушiнiң тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiне арналған Кеден одағының техникалық регламентiнiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдауы туралы мәлiмдеме;

6) Жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен анықтаулар, сондай-ақ, тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растауға негіз болған құжаттар.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас фактілерге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739. Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: