Жаңалықтар тізбегі
0

Сарапшылар Қазақстанда сатылатын Ауғанстаннан келген коланы зерттеді

Сарапшылар Қазақстанда сатылатын Ауғанстаннан келген коланы зерттеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 12:36 Сурет: pxhere
2024 жылдың маусымында "Маңғыстау тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі 300 мл, Ауғанстанда шығарылған алкогольсіз Cola Carbonated Soft Drink сусынын сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өнімге зерттеу жүргізу үшін "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Астана филиалының аккредиттелген Сынақ орталығына берілді, 24.06.2024 жылғы №2189Т сынақ хаттамасы өнімнің жарамдылық мерзімі біткенін растады.

Сарапшылар Қазақстанда сатылатын Ауғанстаннан келген коланы зерттеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 12:36

Сурет: Жанна Биятан

Анықталғандай, сусынның жарамдылық мерзімі 2024 жылдың 11 мамыры күні біткен, бірақ тауар осы күннен соң сатылып алынған. Тауардың сәйкестігі туралы сертификатты (декларация) сатушы бермеді.

"Дүние жүзінің көптеген елдерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді сату және тұтыну әдетке айналған. Бірқатар еуропалық елдерде затбелгілерде "дейін қолдану ұсынылады" деген тіркес жиі кездеседі, бірақ, тіпті, мұндай тұжырымның өзі тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жарамдылық мерзімін сақтау қажеттілігіне баса назар аудартады".Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Анықталған сәйкессіздіктер мен олардың қауіптілігі

  • Сынау сәтінде өнімнің жарамдылық мерзімі біткен. Мерзімі өткен өнімдерді пайдалану денсаулық үшін тағамдық уланулар мен аллергиялық реакциялар секілді өте қауіпті салдарларды тудырады, өйткені сақтау процесінде өнімдер патогендік микроорганизмдерді дамытуы немесе өзінің тағамдық құндылығын жоғалтуы мүмкін.
  • Өнімді пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен шектеулердің болмауы: мысалы, осы нақты жағдайда қант немесе кофеиннің көп мөлшердегі құрамы бар сусындар үшін, әсіресе балалар, жүкті әйелдер мен белгілі бір аурулары бар адамдар (мысалы, диабет немесе гипертония) үшін тұтынуды шектеу жөніндегі ұсыныстардың болуы өте маңызды. Мұндай ұсыныссыз тұтынушылар қауіпсіз нормадан асып түсетін мөлшерде сусынды пайдаланып, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.
  • Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының Бірыңғай белгісінің болмауы: Бұл өнімнің қауіпсіздіктің сәйкестік стандарттарының міндетті растамасынан өтпегенін білдіреді, тұтынушылар бұл өнімнің қауіпсіздігіне күмән келтіреді.
  • Таңбалау араб тілінде рәсімделген: Бұл тұтынушыларға өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі және сақтау әдісі туралы маңызды ақпаратты оқуын қиындатып, оны дұрыс пайдаланбай, денсаулық үшін кері әсерін тигізуге соқтыруы мүмкін.

ҚР "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңының 21-бабы және "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңның 25-бабы 3-тармағы өндірушілер мен сатушыларды қазақ және орыс тілінде ақпарат беруге міндеттейді, бұл Қазақстан аумағында өткізілетін шетелдік өндіріс тауарлары үшін міндетті талап болып табылады.

"Қазақстанда, қазақ тілі мемлекеттік болып табылады, ал орыс тілі онымен тең қолданылады, тұтынушылар тауарлар туралы ана тілінде немесе тілдесу тілінде тауарлар туралы ақпарат алуға заңды құқығы бар. Дұрыс емес немесе толық емес толтырылған мәліметтер тауарды дұрыс түсінбеуге немесе дұрыс пайдаланбауға әкелуі мүмкін. Оның үстіне, ҚР "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңның 25-бабы 7-тармағына сай , "Бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі".Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан

Сатушылардың жауапкершілігі

Кеден одағының заңдарын және техникалық регламенттерін бұзғаны үшін, сатушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске (ӘҚБК) сай қомақты айыппұлдар түрінде жауап береді, сондай-ақ өнімді айналымнан тәркілеу және сапасыз тауарларды жойып, кәсіпкердің қызметін тоқтатуға дейін апарады.

"Мерзімі өткен тауарларды сату және таңбалауға қойылатын талаптардың бұзылуы тұтынушылардың денсаулығы үшін қатерлі қауіпті көрсетеді. Тұтынушылар әлеуетті тәуекелдерді болдырмау үшін өнімдерді сатып алу кезінде мұқият болуы керек. Осы секілді сәйкессіздіктерді байқау кезінде ол туралы тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын тиісті органдарға және сауда нүктесіне дереу хабарлаңыз. Сіздің өтінішіңіз мәселелерді реттеуге және мұндай сәйкессіздіктердің әрі қарай өркен жаюының алдын алуға септігін тигізуі мүмкін".Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна БиятанСарапшының ұсыныстары

Сарапшының ұсыныстары

  1. Жарамдылық мерзімін мұқият тексеріңіз: Тағам және сусын өнімдерін сатып алу кезінде әрқашан жарамдылық мерзімінің біту күніне назар аударыңыз. Денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді болдырмау үшін өнім көрсетілген мерзім шегінде екеніне көз жеткізіңіз.
  2. Қаптамадағы ақпаратқа назар аударыңыз: Өнімді пайдалану және сақтау талаптары жөніндегі ұсыныстар, құрамы туралы толық ақпараттың және т.б. бар-жоқтығын тексеріңіз. Ақпарат сізге түсінікті тілде, соның ішінде Қазақстанның мемлекеттік тілінде берілуі керек.
  3. Сәйкестікті растауды талап етіңіз: Сатушылардан немесе өндірушілерден қауіпсіздік талаптарына өнімнің сәйкестігін растаушы құжаттарды сұраңыз. Тауардың шығу тегіне немесе сапасына қатысты күмәнданып жатсаңыз, сәйкестік туралы сертификаттар мен декларациялардың бар-жоғын нақтылаңыз. Тұтынушылар берілген сәйкестік сертификаттары мен ЕАСО сәйкестігі туралы тіркелген декларацияларды өз бетінше қарау үшін ақпараттық ресурстыңбірыңғай тізбесі, сондай-ақ қазақстандық тізбесі қолжетімді.
  4. Хабардар болыңыз: Құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу сізге саналы таңдау жасауға әрі өз денсаулығыңызды қорғауға көмектеседі.

Зерттеу материалдарының нәтижелері әрекет ету шараларын қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: