Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық дүкендегі ирандық сусындар: ресми тілдерде көрсетілмеген таңбалама астарында не жасырулы

Сусын, Иран, Павлодар, тұтынушылар құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 19:59 Сурет: unsplash
2024 жылдың шілдесінде Павлодардағы дүкендердің бірінен "МОТҚҚҚ" ҚБ белсендісі ирандық сусындарды ҚР және Кеден одағының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптары мен стандарттарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мақсатында арнайы әдіспен сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әрқайсысының көлемі 330 мл болатын сусындардың екі түрі сатылып алынды және ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес олар Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталғы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына сараптамаға жіберілді:

1.  Ebish original peach көкөніс дәндері қосылған алкогольсіз сусыны (2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/230 хаттамасы);

2.  Mac Lin Basil seed blueberry насыбайгүл және қаражидек қосылған сусыны (2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РO-24-03468/231 хаттама). 

Иран сусыны, Павлодар, Ebish original peach, тұтынушылар құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 19:59

Сурет: Жанна Биятан

Сараптама нәтижелері: таңбаламада не дұрыс емес?

1.  Ebish original peach:

  • Азық-түлік өнімдерін пайдалануға қатысты ұсынымдар мен шектеулер мемлекеттік тілде көрсетілмеген, ГМО компоненттерінің бар-жоғы туралы айтылмаған, сондай-ақ өндірушінің атауы мен оның орналасқан жері туралы мемлекеттік тілде ақпарат жоқ.
  • EAC белгісі көрсетілмеген.
  • Қаптамада пиктограммалар мен белгілер, сондай-ақ пайдаланылған қаптаманы қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ.
Иран сусыны, Павлодар, Mac Lin Basil seed blueberry, тұтынушылар құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2024 19:59

Сурет: Жанна Биятан

2.  Mac Lin Basil seed blueberry:

  • Өнімнің атауы, құрамы, сақтау шарттары, тағамдық құндылығы, өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер туралы, сондай-ақ ГМО компоненттердің бар-жоғы, өндірушінің атауы және оның орналасқан жері туралы ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде толық болмауы.
  • EAC белгісі жоқ.
  • Қаптамада пиктограммалар мен белгілер, сондай-ақ пайдаланылған қаптаманы қайта өңдеу мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ сусындар ауыр металдардың тұздары концентрациясының бар-жоғына тексерілді.

Ауыр металл тұздарының анықталған концентрациясы – натрий бензоаты, амарант, азорубин, татразин, калий сорбаты, кадмий, қорғасын, мышьяк, аспартам, ацесульфам калий, сахарин екі түрлі сусында да рұқсат етілген деңгейден аспады.

Тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін сәйкессіздіктердің салдары қандай

"МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшылары қазақ және орыс тілдеріндегі таңбаламаның жоқтығы "Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы" заңының  талаптарына сәйкес келмейтінін атап көрсетеді. Сондай-ақ таңбалама туралы ақпараттың болмауы тұтынушыларға, әсіресе, аллергияға немесе диеталық шектеулерге байланысты ингредиенттерге мұқият қарайтындарға қауіп тудыруы мүмкін екені ескертіледі. Сарапшы Әлибекова Әлияның айтуынша, тағамдық құндылығы мен құрамы туралы мәліметтердің болмауы денсаулыққа ықтимал қауіпті өнімдерді сатып алуға әкеп соқтырады.

"МОТҚҚҚ" ҚБ құқыққорғаушысы Жанна Үрметханқызы Биятан Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, соның ішінде КО "Тағамдық өнімдердің таңбаламасына қатысты" техникалық регламенті  талаптарын сақтай отырып, өндірушілер тауарлардың таңбаламасында тауарлар туралы толық және сенімді ақпарат беруге міндетті екенін атап өтеді. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамау кәсiпкерлерге әкiмшiлiк жазаға, оның iшiнде кәсiпкерлiк субъектiсiнiң санатына қарай 90-нан 600-ге дейiнгi АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға, бір жыл көлемінде қайталанған жағдайда қызметiн тоқтата тұру немесе өнiмдерiн тәркiлеумен 135-тен 1200 АЕК дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеліп соғуы мүмкін.

Павлодар қаласының тұтынушылары назарына!

Павлодар облысында сапа мен өнімді зерттеу нәтижелері жөніндегі ақпаратты кеңінен ақпараттандыру және тарату мақсатында жоғарыда аталған сусындар ғана сатылып алынған жоқ. Сатып алынатын тауарлар тізбесі ресейлік өндірушілердің "Алексеевский молочноконсервный комбинат" ЖАҚ және "Верховский молочноконсервный комбинат" АҚ-тың екі түрлі сүті, қант қосылған қойылтылған сүтін қоса алғанда, халық тұтынатын түрлі өнімдер болды, кешенді зерттеулердің нәтижелері Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 033/2013) қауіпсіздік пен сапа талаптарына сәйкес келеді.

Біздің мақсатымыз – тұтынушыларға өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы хабардар ету, сонымен қатар қауіпсіз азық-түлік өнімдері туралы ақпарат беру.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жариялаған өнім сапасын зерттеу нәтижелері жарнама болып табылмайды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материал дайындалған.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша  87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: