"Жігер": Жезқазғандағы жаңа спорт орталығы

Көпфункциялы спорт нысаны "Қазақмыс" компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі және Ұлытау облысының спорт инфрақұрылымын дамытуға қосқан қомақты үлесі болды.
Құны 8,5 млрд теңгені құраған жоба "корпорациясы" мен әкімдігінің меморандумы аясында Bank RBK қолдауымен жүзеге асты.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
Жалпы санаты үшін қолайлы әрі қолжетімді. Мұнда балаларға, ересектергеәуесқой және кәсіби жабдықтармен, жаттығу залдарымен, жуынатын, киім ауыстыратын бөлмелермен жабдықталған.
Ұзындығы 25 метрді құрайтын Жезқазғандағы алғашқы бассейн жүзу өнерін меңгере бастаған балалар мен ересектер үшін өте қолайлы. Спорт кешенінде командалық спорт түрлері үшін электронды табломен, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықпен және 320 көрерменге арналған трибунамен жабдықталған, ауданы 1200 шаршы метрлік әмбебап спортзал бар. Ауданы 350 шаршы метрді құрайтын көркем және спорттық гимнастика залына гимнастикалық снарядтар орнатылып, матрастар төселген.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
"Ұлытау облысының басшылығы мен Қазақмыс корпорациясына осы спорт кешенін ашқаны үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі таңда мен Ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып жұмыс істеймін. Біздің командада еліміздің барлық облыстарынан келген талантты балалар бар. Өкінішке қарай, әзірше, олардың арасында Ұлытау облысының өкілдері жоқ. Болашақта сіздердің шәкірттеріңіз Ұлттық құрамаға қабылданып, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайды деп үміттенемін. Мен әр баланың талантты екеніне сенемін. Нағыз таланттарды тауып, танып, оларға жағдай жасау маңызды мәселе", – деді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.
Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
Кешеннің екінші қабатында үстел теннисі мен бокс залы орналасқан. Кәсіби ринг пен жаттығу жасауға арналған құрылғылар да осы жерден табылады.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков жаңа спорт кешені бұқаралық спорт түрлерін дамытуға және жасөспірімдер мен балаларды спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС
"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев 2025 жыл басталғаннан бері компания Ұлытау облысы бойынша үшінші нысанды қолданысқа беріп жатқанын тілге тиек етті.
"Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында күрделі жөндеуден кейін «Ақбота» балабақшасы, одан кейін Жезқазғанда еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды. Бүгін «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа беріліп жатыр. Бізді алда игі істер күтіп тұр. Жыл соңына дейін тағы 5-6 нысанды аяқтаймыз. Баршаңызға жарқын жеңіс тілеймін. Өңіріміз дамып, өркендей берсін, жергілікті тұрғындар толағай жеңіске жетіп, өңіріміздің абыройын асқақтата берсін", – деді Нұрахмет Нуриев.
"Жігер" ДСК – Қазақстандағы заманауи спорт кешендерінің бірі. Оның ел игілігіне берілуі – Жезқазған қаласының спорттық инфрақұрылымын дамытуға және облыс көлемінде саламатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Спорт кешені республикалық және халықаралық жарыс өткізетін алаңға айналып, қаланың спорттық беделін ұлттық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. Жаңа спорт нысанының құрылысын "Tansu Construction компаниясы жүргізді. Айта кетейік, құрылыс рекордтық қысқа мерзімде аяқталды.
"Қазақмыс" корпорациясы "Жігер" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы – Ұлытау облысының жан-жақты дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға серпін беретініне және жастар мен аға буынды спортпен шұғылдануға шабыттандыратынына сенімді.