БҚО-ның Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылында жаңа спорт залы пайдалануға берілді

БҚО-ның Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылында жаңа спорт залы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 09:54 Сурет: Мәди Файзоллаұлы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек ауылында заманауи спорт залының ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысан ауыл тұрғындары үшін бұқаралық спортты дамытуға, жастарды спортқа тартуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып отыр.

Ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында ауылдардың әлеуетін арттыру, өңірлерді дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.

"Кеңтүбек ауылында ашылып отырған бұл спорт залы – елді мекендерді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі. Мұндай нысандар ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына, уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуына мүмкіндік береді", – деді өңір басшысы.

Сурет: Мәди Файзоллаұлы

Аталған спорт нысаны Карашыганак Петролеум Оперейтинг Б.В. компаниясының әлеуметтік инвестициялық міндеттемелері аясында салынды. Компанияның өңірлерді әлеуметтік дамытуға бағытталған қолдауы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын кеңейтуге ықпал етіп келеді.

БҚО-ның Бөрлі ауданындағы Кеңтүбек ауылында жаңа спорт залы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2025 09:54

Сурет: Мәди Файзоллаұлы

Құрылыс жұмыстарын БатысМунайСтрой ЖШС жүзеге асырды. Нысан белгіленген мерзімде аяқталып, пайдалануға берілді.

Сурет: Мәди Файзоллаұлы

Спорт залы бір қабатты ғимараттан және оған жапсарлас әкімшілік-тұрмыстық корпусынан тұрады. Ғимараттың жалпы ауданы – 1 030 шаршы метр, жер учаскесінің аумағы – 6 524 шаршы метр. Спорт залының өткізу қабілеті бір мезетте 464 адамды құрайды, бұл ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануына кең мүмкіндік береді.

Сурет: Мәди Файзоллаұлы

Жаңа спорт залы Кеңтүбек ауылының спорттық өмірін жандандырып, болашақта жас спортшыларды тәрбиелеуге және ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға қызмет ететін маңызды нысанға айналды.

Ақпаратты "БатысМұнайҚұрылыс" Сервистік Компаниясы" ЖШС ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: