Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-дағы Жұлдыз ауылында жаңа мектеп ашылды

Нариман Төреғалиев, жаңа мектеп, БҚО, Жұлдыз ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 19:31 Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданына қарасты Жұлдыз ауылында 108 орындық жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышын бөлісіп, ауылға ат басын тіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Казталов ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты Жұлдыз ауылында Совет Одағының батыры Ахмедияр Құсайынов атындағы білім ошағы 1989 жылы салынған. 30 жылдан астам уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. 2021 жылы басталған құрылыс жұмыстары кешіктіріліп жүргізілгенімен, жұлдыздық оқушылар биылғы жаңа оқу жылын су жаңа мектепте бастамақ. Облыс әкімі осы күнді көп күткен ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтап, мектеп ұжымына теледидар тарту етті.  


Салтанатты шара, БҚО, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 19:31

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер "Альтаир" ЖШС директоры Нұрлан Қуанғалиев мектеп директорына білім ошағының кілтін табыстап, сәттілік тіледі.


Салтанатты шара, БҚО, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 19:31

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Сонымен бірге аталмыш мектепті 1984 жылы бітірген түлектер мектеп оқушыларына спорттық киімдер мен құралдар тарту етті. Тек аудан-облысқа ғана емес, республикаға белгілі  "Қыз  Жібек" жас термешілер ансамблі өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты.



Салтанатты шара, БҚО, жаңа мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 19:31

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Жарқырап тұрған жаңа мектепті аралап көрген облыс басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізген "Альтаир" ЖШС ұжымына алғысын білдірді.


Жаңа мектеп, БҚО, Жұлдыз ауылы, салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 19:31

Сурет: БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: